БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ТҮРІ БИЛЬЯРДТАН
АУДАНДЫҚ ТУРНИРДІҢ ЕРЕЖЕСІ.
1. МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
-Аудан тұрғындарын бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту;
-Ауданда бильярд спортына қызығушылықты арттыру;
-Қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, үздік ойыншыларды анықтау.
2. ТУРНИР ӨТЕТІН ЖЕРІ , УАҚЫТЫ
Аудандық турнир 2026 жылғы 30 қазан және 1 қараша күндері сағат 19:00 де Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, «Чужой» бильярд клубында өтеді.
3. ЖАРЫС ЕРЕЖЕСІ
Жарыс Бильярд спортының Мәскеу пирамидасы түрінің ережесіне және Л, Л+ және ПП санаттар сай өткізіледі..Қатысушылар тиісті санат бойынша жарысқа қатысады. Қатысушыларды санаттарға бөлу және олардың жарысқа қатысу сәйкестігін тексеру ұйымдастыру алқасы тарапынан жүзеге асырылады.
4. ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУГЕ БАСШЫЛЫҚ ЖАСАУ
Аудандық жарысты тікелей басшылық жасау «Чужой» бильярд клубына жүктеледі.
5. МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ ҚАРАЖАТ ШЫҒЫНДАРЫ
Аудандық турнирдің қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған спортшыларды Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің есебінен медальдармен және дипломдармен марапатталады. Қатысу жарнасы: бір спортшы үшін 10 000 (оң мың) теңге.Турнирден жиналған қаражаттың есебінен жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталады, сондай-ақ турнирді өткізуге қажетті клубты жалға алуға өтеледі.
Байланыс телефоны:+7 702 510 39 60-Бекмарғұлан Асқатов
Осы ереже жарысқа шақырту болып табылады.